Хабарландыру!

Хабарландыру!

2022 жылғы 13 желтоқсанында сағат 11.00-де «Болашақ сарайы» балалар және жасөспірімдер орталығында (Көкшетау қаласы, Көктем ш/а 9/1-үй) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановтың Ақмола облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7162) 29-10-23, 29-10-68 телефондары арқылы және келесі dp.akmol@mvd.gov.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.

Есеп беру кездесуі офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің Instagram-дағы ресми аккаунтында және Ақмола облысының ПД aqmola_pd инстаграмм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.