
Хабарландыру
2022 жылдың 12-ші желтоқсанында сағат 14:00-де Мәдениет үйінде (Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 106) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаевтың Сәтбаев қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қ.Ә.Сұлтанбаевқа сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8 708 978 27 29 телефоны арқылы және келесі maulenuly@inbox.ru электронды мекенжайына жіберуге болады.
Тұрғындармен кездесу офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы Ұлытау облысының Instagram әлеуметтік желісіндегі policeofulytau ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.