
Хабарландыру!
2022 жылғы 29 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де «Атамекен» өнер ордасында (Орал қаласы,Қадыр Мырза Әли шағын ауданы 12/2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7112)92-10-10, 92-11-17 телефондары арқылы және келесі policebqo@mail.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.
Есеп беру кездесуі офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің YouTube-тағы ресми аккаунтында және Батыс Қазақстан облысының ПД Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.