ҚР ІІМ Қостанай академиясы ашық есік күнін өткізді

ҚР ІІМ Қостанай академиясы ашық есік күнін өткізді

Соңғы төрт жылда ҚР ІІМ Қостанай академиясында ең ауқымды ашық есік күні өткізілді. Облыс орталығының 600-ден астам мектеп түлектері білім ордасын аралады.

Академия қызметкерлері қонақтарға арнап мазмұнды бағдарлама дайындап, кафедралармен және полигондармен, мамандандырылған орталықтармен, жатақхана және асханамен таныстырып, Академиядағы оқу үрдісі туралы бейнефильм көрсетті.

Қылмыстық процесс және криминалистика, ІІО әкімшілік қызметі кафедралары қонақтарға қылмыстың ізіне түсу, оқиға орнын тексеру жайында егжей-тегжейлі айтып, полицейлерді оқытатын оқу полигондарын және ЖБО инспекторының, кезекші бөлімі мен уақытша ұстау изоляторының қызметі қалай атқаратынын көрсетті.

Жоғары сынып оқушылары атыс алаңына барып, оларға қаруды қалай ұстау керектігін үйретті, сондай-ақ курсанттарды кәсіби-қолданбалы даярлауды жүзеге асыратын спорттық жабдықтармен және күрес залдарымен танысты.

Іс-шара соңында оқушылар алдында кадр қызметінің өкілдері сөз сөйлеп, Академияға оқуға түсу тәртібі, қызметке кіру үшін үміткерлерге қойылатын талаптар, курсанттық жұмыс күндері және түлектердің болашағы туралы мәлімет берді.

Күндізгі оқыту нысанына талапкерлерді кезекті қабылдау 2023 жылы бастау алады!