
2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 14.00-де «Ертіс Концерт» ОМҮ-де (Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 43) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7232) 23-42-11, 23-43-09 телефондары арқылы және келесі eastkazpolice@mail.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.
Есеп беру кездесуі офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің Instagram-дағы ресми аккаунтында және Шығыс Қазақстан облысының ПД Фейсбук https://www.facebook.com/eastkazpolice әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.