Ұлттық гвардия академиясының курсанттары ІІМ үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары атанды

Ұлттық гвардия академиясының курсанттары ІІМ үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары атанды

10-30 шілде аралығында ІІМ ведомствоның жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік ғылыми жұмысқа конкурс өткізді.

Байқауға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары: Дастан Тұңғышбаев, Бақберген Мұхамедов, Әли Махамадалиев, Серікбол Оңдасын, Асау Тілағанов және Ерсін Серікбек қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша курсанттар Дастан Тұңғышбаев пен Бақберген Мұхамедовтың "Киберқалқан – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының киберқауіпсіздік негізі (оқу-тәрбие үдерісіне киберқалқан элементтерін енгізу)" тақырыбындағы ғылыми жұмысы бірінші орынды иеленді.

Балалардың ғылыми жетекшілері жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Бақыт Қалиев және тактика және жалпыәскери пәндер кафедрасының аға оқытушысы Абай Алдабергенов болды. Сондай-ақ, Ұлттық гвардия академиясының курсанттары Әли Махамадалиев пен Серікбол Оңдасын "№1а, №1б қорғау РХБ бойынша нормативтерді орындауды оқыту бойынша ұсынымдар"тақырыбындағы ғылыми жұмысы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Ғылыми жетекшісі тактика және жалпыәскери пәндер кафедрасының оқытушысы Айдос Жамалбеков. Байқау жеңімпаздары ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.