АЗАМАТТАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

АЗАМАТТАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

Павлодар қаласының орталық жағалауында азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті.
Халыққа сервистік қызмет көрсету мақсатында Павлодар қаласының Орталық жағалауында Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті, оған жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдері қатысты.

Ертіс өңірінің тұрғындары полиция қызметіне қатысты өз сұрақтарымен, проблемаларымен, ұсыныстарымен, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнаманы түсіндіру бойынша кеңес берулерімен жүгіне алды. Бұдан басқа, ІІО қызметке қабылдау тәртібі мен шарттары туралы консультациялар өткізілді және түсініктемелер берілді. Полиция қызметкерлері  тұрақты жалақы, тұрғын үй жалдау үшін жәрдемақы төлеу, тегін медициналық қызмет көрсету, тегін нысанды киіммен қамтамасыз ету, сондай-ақ ерте  зейнеткерлік жас сияқты Ішкі істер органдарындағы қызметтің артықшылықтарына егжей-тегжейлі тоқталды. 

- Әкімшілік айыппұлдарды төлеу, жүргізуші куәліктерін беру, автокөлікті тіркеу және қайта жабдықтау, жол қозғалысын ұйымдастыру сияқты қала тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер болды. Сондай-ақ, азаматтардан полицияның қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар келіп түсті, - деп хабарлады Павлодар қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Іс-шараға қатысушылар адамдарды толғандыратын ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Азаматтар мен полиция арасындағы екі жақты диалогтың арқасында әрбір жүгінген азамат кәсіби кеңес алды. Тәжірибе көрсеткендей, Халықпен жұмыс істеудің бұл форматы азаматтардың өтініштерін қарау уақытын едәуір қысқартады және қарау тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ, қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.