
Солтүстік Қзақстан облысының есірткі полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін заңсыз есірткі айналымы саласында бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын әйелді ұстады.
Өткізуші оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған.
Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кеткепкші болған.
Үйіне тінту жүргізу барысында 300 граммға жуық героин табылып алынды.
Ұсталған тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу» ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Осы бап бойынша жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр.