Қазақстандықтардың 800-ге жуық қоңырауына ІІМ кеңесшілері тікелей желінің бірінші күнінде қызмет көрсетті

Қазақстандықтардың 800-ге жуық қоңырауына ІІМ кеңесшілері тікелей желінің бірінші күнінде қызмет көрсетті

ІІМ-нің шетелдік автокөлікті тіркеу бойынша тікелей желісі ашылғаннан бері 800-ге жуық қоңырау келіп түсті.

Телефондық өтініштер өте көп болды, желідегі жүктеменің шамадан тыс көп болуына байланысты бірқатар азаматтар хабарласа алмады. Консультацияның орташа ұзақтығы шамамен 3 минутты құрады.

Қоңыраулар Қазақстаннан әр түкпірінен үздіксіз келіп түсті, олардың басым бөлігі – шекара маңындағы облыстардан.

«Негізінен қоңырау шалған азаматтар Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелінген автокөлікті тіркеу тәртібіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ тіркеуден өтпеген жағдайда мүмкін болатын зардаптар туралы сұрады. Біз бүгін ертеңгі күнге дейін тікелей желінің шамадан тыс жүктелуі азаяды деп ойлаймыз, өйткені бүкіл ел бойынша «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады»,-деді ІІМ КАП басқармасының бастығы Юрий Козлов.

Автокөлікті тіркеу мәселелері бойынша тікелей желі өз жұмысын жалғастыруда. Бұл мәселе бойынша қазақстандықтарға әкімшілік полиция комитетінің мамандары телефон арқылы кеңес береді: 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, 17-18 қаңтарда азаматтар «Жолдағы қабылдау» акциясы және ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері жанындағы азаматтар үшін стационарлық қабылдау бөлмелерінен (полиция фронт-кеңселерінде) кеңес ала алады.

Жалпы алғанда, бүкіл ел бойынша 500-ден астам пункт ашылады, онда тұрғындар мамандардың "тірі" кеңесін ала алады.

Акция өтетін жердің мекен-жайын полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.

ІІМ кеңес алу үшін тікелей адамның өзі қатысуы керек, себебі әрбір жағдайдың өз ерекшелігі бар.

Бірақ барлығы үшін автокөлікті тіркеу рәсімі бірыңғай болып табылады. Ол қарапайым: құжаттарды жинау, олардың тізімімен «Электрондық үкімет» сайтынан танысуға болады (https://egov.kz/cms/ru/services/089pass_mvd) және қажетті баждар мен алымдарды төлеу, олардың мөлшерін автокөлік туралы деректерді алғаннан кейін ғана мамандар есептей алады.