Балалар үйіне арналған жаңа жылдық мереке

Балалар үйіне арналған жаңа жылдық мереке

2019 жылдың 30 желтоқсанында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық мереке өткізді.

Академия басшылығы бастаған академия жеке құрамын № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекше ықыласпен қарсы алды.

ІІМ Мақан Есболатов атындағы  Алматы академиясы көптеген жылдар бойы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алып және қайырымдылық акцияларын өткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ демеушілік  көрсетіп келеді.

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері корпоративтік іс-шараларды өткізуден бас тартып, балаларға жаңа жылдық таңғажайыптар тарту үшін қайырымдылық мақсаттарға қаражат жұмсады.

Балаларға арналған ертегі кейіпкерлері: Аяз Ата, Ақшақар және т.б. костюмдеріндегі аниматорлар (курсанттар мен идеологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері)   әр балаға жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, сыйлықтар табыстады.
Жаңа жылдық мереке атмосферасы көңілді ойындар,  жарыстар, әндер, өлеңдер, шырша айналасындағы фотосессияға жалғасты.

 № 1 балалар үйінің оқытушылары балаларды дұрыс бағытты тәрбиелеуге аса мән берелітінін жеткізді.  Балалар 8 бағытта жұмыс істейтін, атап өтер болсақ "Қыз елдің көркі", қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, адамгершілік-рухани және құқықтық, Көпмәдениетті және эстетикалық тәрбие, экономика мен экологияны танып білу үйірмелеріне қатысады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері ересек өмірге қажетті дағдылары мен білімдерді игеріп, шығады. 
ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәдени-сауықтыру орталықтарындағы байқауларға қатысып, демалыстарын жақсы өткізулері үшін демеушілік көмек көрсетті.