Бүгін Қостанай академиясында «Балалардың құқықтарын қорғау: полиция мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбы талқыланды.

Бүгін Қостанай академиясында  «Балалардың құқықтарын қорғау: полиция мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбы талқыланды.

Бүгін Қостанай академиясында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Балалардың құқықтарын қорғау: полиция мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбы талқыланды.

Іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналды. Бұл Ресей мен Белоруссияның оқу орындарының өкілдері, БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, Алматы қаласының ювеналды сотының өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі педагогтар мен инспекторлар.

- Қазақстан Республикасының Президенті өз үндеуінде 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балалардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі, ал өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті, - деді өз сөзінде Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов.

Конференция осы мәселені шешу үшін полиция мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру қажет деген ортақ пікірде болған ұлттық және шетелдік сарапшылардың тәжірибелерімен алмасуға бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар суицидтің жоғары деңгейі, инклюзивті білім берудің нашар дамуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг, құмар ойындарға тартылу мәселелерін талқылады.

Конференция ертең жалғасын табады. Онда балалармен және отбасылармен жұмыс істеуде өз тәсілдері мен технологияларын ұсынуға тілек білдірген қатысушылардың өтінімдері бойынша мастер-кластар өткізу көзделген.