Хабарландыру!

Хабарландыру!

2022 жылғы 13 мамырда сағат 09.00-де Естай атындағы Мәдениет сарайында (Павлодар қ., Конституция көшесі,1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7182)39-13-12, 39-12-94 телефондары немесе k.nurakhmetova@mvd.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады.

Есеп беру кездесуі оффлайн және онлайн форматтарында өтеді. Трансляция тікелей эфирде ҚР IIM-нiң Инстаграмдағы  және Павлодар облысы ПД-ның Фэйсбуктағы https://www.facebook.com/profile.php?id=100024066283738 ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар ағымдағы жылғы 12 мамырға дейін қабылданады.
Сондай-ақ кездесу тікелей эфирде "Еrtistv" @pavlodartv.kz облыстық телеарнасында, @pavlodarnews.kz сайтында және "Халық радиосы" толқынының 100.5 жиілігінде трансляцияланатын болады.