ІІМ Қостанай академиясында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды

ІІМ Қостанай академиясында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

Іс-шараға жоғары оқу орнының басшылығы, жеке құрамы мен курсанттары қатысты. Ғазиз Байтасов пен Дархан Базарбаевтың атаулы аудиторияларында қылмыспен күресте өз өмірін қиған адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиналғандарға Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовтың өмірі туралы фильм көрсетіліп, Д.Базарбаев туралы ақпарат жеткізілді.

Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ахан Нурушев атап өткендей, олардың есімдері бүгінде құқықтық тәртіпті сақтаушылардың жадында мәңгі қалады.