Ұлттық ұланда “Погондағы жанұя” фотобайқауы басталды

Ұлттық ұланда “Погондағы жанұя” фотобайқауы басталды

Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің отбасылары арасында “Погондағы жанұя” фотобайқауы басталды.

Фотобайқау әскери қызметшілер отбасының беделін қалыптастыру, Ұлттық ұлан мен қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ, ата-ананың балаларына деген қамқорлығын арттыру және олардың бойында үлкенге құрмет көрсетуді ұялату мақсатында ұйымдастырылды.

Ерлі-зайыптылардың екеуі де Ұлттық ұлан әскери қызметшісі немесе құқықтық тәртіп әскерінде қызмет еткен болуы тиіс. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар міндетті түрде әскери киімде болуы керек.

Дауыс беру Ұлттық ұланның Instagram желісіндегі national_guard_kaz ресми парақшасында өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер “ұнайды” белгісінің саны бойынша анықталып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.