ҚАЖ жедел қызметкерлері біліктілігін арттырды

ҚАЖ жедел қызметкерлері біліктілігін арттырды

ҚАЖ жедел қызметкерлері біліктілігін арттырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жедел қызметтерінің қызметкерлері ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Спикерлер ретінде ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының қызметкерлері «ҚАЖ-да экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша ЖІҚ ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі.

Курс барысында тыңдаушылар сотталғандар арасында радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу әдістері туралы білім алды. Сонымен қатар, діни экстремизмнің қылмыспен бірігуіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Білімді неғұрлым тиімді игеру және өз бетінше оқу мүмкіндігі үшін барлық материалдар қашықтықтан оқыту жүйесінің платформасында ұсынылды. Мәтіндік құжаттармен, презентациялармен, бейнедәрістермен тыңдаушылар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта пайдалана алды.

Курс қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда қорытындылар шығарылып, ұсынымдар әзірленді.

 

Мырзабек ТУЙГАНОВ, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Экстремистік иедологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция майоры