ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ КЕСКЕНІ ҮШІН 134700 ТЕҢГЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ КЕСКЕНІ ҮШІН 134700 ТЕҢГЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Ішкі істер министрлігі жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіндерін заңсыз шабу, дайындау, тасымалдау және сатуды анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Елді мекендерде жаңа жылғы шыршаларды құжатсыз, белгіленбеген жерлерде сатуға тыйым салынуын бақылау бойынша тексерістер жүргізілді.

Саябақтарда, гүл бақтарда, елді мекендердегі тұрғын үйлер ауласындағы қылқан жапырақты жас көшеттерді заңсыз шабудың жолын кесуге қоғамдық тәртіпті қорғау қызметіне кірісетін патрульдік полиция жасақшыларының ерекше назары аударылды.
Іс-шаралар нәтижесінде 25 жаңа жылғы шыршаларды заңсыз кесу, 11 заңсыз тасымалдау және 33 заңсыз сату фактілері анықталды, олар бойынша 29 сотқа дейінгі қылмыстық тергеп-тексерулер басталды (ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша «Ұрлық» – 2, ҚК-нің 339-бабы бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» - 2, және ҚК-нің 340-бабы бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу» – 25).

49 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 134700 теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді. 613 дана заңсыз дайындалған жаңа жылғы шырша алынды. Келтірілген зиян сомасы 980 мыңға таяу тенгені құрады.

Қостанай облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде Әулиекөл ауылы маңында жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Опель Кадет» жеңіл автокөлігін ұстады, автокөлік салоны ішінде заңсыз кесілген екі қарағай ағашты тауып және алды. Бұл фактілер бойынша ҚК-нің 240-бабы бойынша (ағаштарды және бұталарды заңсыз шабу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.

Ішкі істер органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде жаңа жыл мерекесі кезеңінде жас қарағайларды жаппай кесуге жол берілген жоқ.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі