«ТЕРГЕУШІ» ЖӘНЕ «УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ

«ТЕРГЕУШІ» ЖӘНЕ «УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі 2018 жылы «Тергеуші» және «Учаскелік полиция инспекторы» ақпараттық жүйесін қолданысқа енгізеді. Жаңа ақпараттық жүйе полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың арыз-шағымы және өтініш-тілектерімен жұмыс жасауды бұрынғысынан да оңтайландыра түсетін болады.

Сондай-ақ, шағын қалаларда Жедел басқару орталықтарын салу жұмыстары да жалғасын табады. Ал қалалық жерлерде адамдар көп жиналатын орындарды, көшелер мен автокөлік жолдарын бейнекамералармен қадағалау интелектуалды жүйеде дами түседі. Бұл Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың биылғы қаңтар айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттердің бірі.

Бұған қоса, ішкі істер министрлігі 2018 жылы 14 мемлекеттік қызмет көрсету түрін автоматты жүйеге көшірмек. Бұл туралы 19 қаңтар күні ІІМ Алқа отырысында министр Қ. Қасымов мәлімдеді. Оның айтуынша өткен жылы министрлік 19 мемлекетттік қызметті автоматты жүйеде көрсетуді жолға қойған. Жалпы, ішкі істер органдары 39 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өткен жылы тұрғындарға 23 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Аталған алқа отырысында айтылғандай, Ішкі істер министрлігі биылғы жұмыс жоспарында «102» қызметін бұрынғысынан да жетілдіре түсуді көздеп отыр. Жаңа заманның технологиялық өркендеуіне сәйкес «102» қызметінде әлеуметтік желілер мен әртүрлі мессенджерлер ресурстары кеңінен пайдаланылады. Яғни, азаматтарға ендігі жерде әлеуметтік желілер және басқа да интернет ресурастары арқылы «102» нөміріне хабарласу анағұрлым ыңғайлы болады. Сондықтан ІІМ биылғы Жолдаудағы үшінші басым бағыт – Адами капиталды дамыту мақсатында полиция қызметкерлерін ІТ саласындағы біліктілігін арттыру, интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды басты назарда ұстамақ.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі