Есірткінің ірі партиясын алып қою фактісі бойынша

Есірткінің ірі партиясын алып қою фактісі бойынша

ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы ІІДЕБҚКБ-мен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде2018 жылғы 21 қаңтарда Жамбыл облысының Тараз қаласында «Н» деген азамат ұсталды, оның автомашинасының жүк салғышынан2 сөмке жалпы салмағы 59 кг. «марихуана» есірткі заты табылды.

Сондай-ақ тұратын жері бойынша тінту жүргізу кезінде калибрі 7,62 мм «Сайга» иір ойықты қару және «Шу», «Үнді» және«Голландия» белгісімен қарасора дәнінің бумасы алынды.

Ұсталған адам Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу іс-шаралары өткізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы Заппаров Арыстанғани атап өткендей, «Н» деген азамат есірткілерді Шығыс Қазақстан облысынана Ресей Федерациясының солтүстік өңірлеріне жеткізу арнасын жөнге келтірмекші болған кезде жедел қызметкерлердің назарына түсті.


Қазақстан Республикасы ІІМ