ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ПАВЛОДАРДАҒЫ КОЛОНИЯЛАРҒА БАРДЫ

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ПАВЛОДАРДАҒЫ КОЛОНИЯЛАРҒА БАРДЫ

Павлодар өңіріндегі түзеу мекемелерінің жай-күйімен танысу үшін ҚР ІІО қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің, Орталық Азиядағы PRI, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері мен ғалымдар барды.

ҚазМЗУқылмытық-процессуалдық зерттеулер ҰЗИ директоры заң ғылымыдарының докторы Марат Қоғамовтың басқаруындағы бір топ делегацияның екі күндік сапары маңызды әрі нәтижелі болды.

Өңірдегі АП-161/1 және АП-161/3 мекемелерінде сотталғандардың тұрғын-жайына барған қонақтар олардың жазаны өтеу жағдайымен танысып, санитарлық бөлімін, кітапхана және асхана объектілерін аралады. Сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс алаңымен да көрді.

Атап айтарлығы, делегация мүшелеріне жақында пайдалануға берілген спорт ғимараттары (футбол алаңы, сотталғандардың жаттығу залы және олардың демалыс орындары) көрсетілді.

Сонымен қатар, комиссияға мәдени, спорттық, рухани саладағы тәрбие процестеріндегі жұмыс әдістерін байқады.

Қоғамдық кеңестің өкілдері мен екі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесу ұйымдыстырылып, соның барысында қылмыстық-атқару заңнамасының талаптары және де бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың заңды мүдделері мен құқықтарына түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында облыстық ҚАЖ департаментінде жұмыс сапарының қорытындыларын, қолданыстағы заңнаманың талаптары, ҚР ІІО Қоғамдық кеңесі туралы ақпараттар жеке құрамға жеткізіліп, өңірлік пенитенциарлық жүйе қызметін жақсартуға бағытталған нақты ұсынымдар берілді.


ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі