ІІО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАТТАУЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (15-16 наурыз а.ж.)

ІІО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАТТАУЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (15-16 наурыз а.ж.)

Ағымдығы жылғы 15-16 наурызда Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) ішкі істер органдары қызметкерлерінің кезекті аттестаттауын өткізу жөніндегі отырысы жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Президентінің  2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы Үлгі ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар ретінде аталған Комиссияның отырысына жіберіледі.
Байқаушы ретінде аттестаттау комиссиясына қатысу үшін, қатысатын адам тиісті құқық қорғау органына төменде көрсетілген нысанға сәйкес оның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ оның қоғамдық бірлестікке тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген жазбаша өтініш береді.
      Өтініш аттестаттау комиссиясының отырысы өтетін орны мен күні туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, бірақ оның басталуына дейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.