ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БҰҰ-НЫҢ ЕСІРТКІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ 61-ШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БҰҰ-НЫҢ ЕСІРТКІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ 61-ШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов басқарған қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Есірткілер жөніндегі комиссиясының (ЕЖК) 61-ші сессиясының жұмысына қатысуда, ол өз жұмысын ағымдағы жылғы 12 наурызда БҰҰ-ның Веналық бөлімінде бастады.

ЕЖК сессиясына 1000 астам делегат, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволардың 60 астам бірінші басшысы қатысуда.

Сессия барысында делегаттар әлемдік есірткі проблемасына қарсы күрестің кешенді және баланстандырылған стратегиясын әзірлеу мақсатында Саяси декларацияны және Халықаралық ынтамақтастықты жөнге келтіру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын іске асыру мәселелерін талқылайды.

ЕЖК-ның пленарлық сессиясында өзінің сөз сөйлеуі барысында қазақстан делегациясының басшысы Қазақстанның Үкіметі ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде қабылдап жатқан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шараларға назар аударды.

Ж. Сүлейменов штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) Орталық Азияда есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте маңызды үлес қосуда екенін атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде Қазақстан тұрақсыз мүшесі ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелерін белсенді жылжытатыны атап өтілді.

ЕЖК сессиясы шеңберінде қазақстан делегациясының басшысы «Батыс және Орталық Азиядағы есірткіге қарсы іс-қимыл үшін құқық қорғау органдарының әлеуетін күшейту» арнайы іс-шараға қоса төрағалық етті, онда құқық қорғау органдарында адами капиталды нығайту мәселелері талқыланды. Іс-шараға сондай-ақ ОАӨАҮО директоры Г. Пустовитов қатысты, ол қатысушыларға өзі басқарып отырған Орталықтың өңірде есірткіге қарсы күрес саласындағы жетістіктері мен табыстары туралы хабарлады.

Ж. Сүлейменов сондай-ақ «БҰҰ мен ШЫҰ есірткіге қарсы күресте: жалпы қауіптер, бірлескен іс-қимылдар» іс-шарасына қатысты, онда баяндама жасады.

Сапар шеңберінде Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ю. Федотовпен кездесу өткізді, оның барысында тараптар құқық қорғау қызметінің әртүрлі саласында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге әзірлігін білдірді. Кездесу барысында БҰҰ ЕҚБ басшысына «Халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы үлесі үшін» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық төсбелгісі берілді.