Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Премьер-Министрдің Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ротациялық негізде екі жыл мерзіммен Комиссияның жұмыс органы саналады.
Комиссия мемлекеттік құрылымдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалог алаңы ретінде адам саудасына қарсы күрес, соның ішінде балаларға және жапа шеккендерге көмек көрсету, адам саудасына қатысты жағдайларға байланысты тұрғындарды ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынбалар әзірлеу, адам саудасына қарсы күрес және олардың құрбандарын қорғау саласында қабылданған халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру, сондай-ақ адам саудасына қолайлы себептер мен жағдайларды анықтап, жоюға бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырады.
Ағымдағы жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтің төрағалық етуімен 34-ші отырысы болып өтті.
Отырыс барысында Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылғы қызметінің қорытындысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері, Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасы, сондай-ақ Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартын іске асырудың проблемалық мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасын орындау үшін адам саудасына қатысты қылмыстармен күрес, алдын алу және жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған кезекті іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселесі қаралды.
Қорытындысы бойынша отырыс хаттамасына қол қойылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі