ІІМ КАДР ЖҰМЫСЫ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫН ҚАРАДЫ

ІІМ КАДР ЖҰМЫСЫ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫН ҚАРАДЫ

ІІМ-де Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұловтың төрағалық етуімен ІІМ орталық аппараты мен комитеттерінің басшылық құрамының, ІІД- КІІД, ҚАЖД, ІІМ академиялары басшыларының кадр жөніндегі орынбасарларының, Ақтөбе заң институтының және Көкшетау техникалық институтының, ІІМ оқу орталықтарының, аумақтық іскі істер және төтенше жағдайлар бөліністері басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Кеңес барысында 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы кадр жұмысы бөліністерінің жұмыс қорытындылары және ішкі істер органдарындағы тәртіп жағдайы мен заңдылықтың сақталуы туралы мәселелер қаралды.

Жедел кеңестің нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, кадр жұмысын жетілдіру, жеке құрам арасында тәртіп мен заңдылықтың сақталуы бойынша тапсырмалар берілді.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі