Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі бойынша мүше-мемлекеттердің құзырлы органдары басшылары Үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өтті.
2018 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын Қазақстан Республикасы жүзеге асырады.
Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер, атап айтқанда Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Беларуссия, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының делегациясы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаевтың басшылығымен қатысты.
Отырыста ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон жағдайына қатысты мәселелер, заңсыз көші-қонға қарсы жүргізілген шаралардың тиімділігі, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының шекаралас аудандарында қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, ірі халықаралық және спортттық іс-шараларға дайындық және өткізу кезіндегі (Қазақстан Республикасындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі және Ресей Федерациясындағы футбол бойынша ӘЧ-2018) заңсыз көші-қонның жолын кесу, көші-қон саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз бойынша жұмыс тәжірибесі зерделенді. ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон саласында редамиссия туралы келісімшарт және басқа да екіжақты келісімдер жасасу бағытындағы тәжірибелер де ортаға салынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2025 жылдарға дейінгі заңсыз көші-қонға қарсы күрестің ұжымдық жүйесін дамыту бойынша жасалған Іс-қимыл жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі