Ағымдағы жылғы 27 сәуірде Туысқан мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің көші-қон органдары басшылары кеңесінің 22 отырысы өткізілді. Отырысқа Туысқан мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің көші-қон органдары басшылары кеңесінің өкілдері қатысты.
Бұл өкілдер Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келді.
Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев бастаған қазақстандық делегация да шараға белсенді қатысты.
Отырыс барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі көші-қон жағдайы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы, көші-қон саласындағы үлгілік заң актілерін әзірлеу және болашақта үлгілік заңнамаларды жетілдіру, сондай-ақ көші-қон саласындағы ұлттық заңнамаларды және ТМД-ға қатысушы елдер көші-қон органдарының құқық қолдану тәжіріибесіндегі өзгерістер туралы мәселелер талқыланды.
Отырыстың соңында Туысқан мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің көші-қон органдары басшылары кеңесінің Заңсыз көшін-қонға қарсы күрес бойынша Тараптардың одан әрі ынтымақтастығы туралы Хаттамалық шешіміне қол қойылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі