«Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, пайдалануға енгізу, жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 12-тармағының параграфына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 ақпандағы №80 бұйрығына 4-қосымша, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына 1-қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) тікелей келіссөздер тәсілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлайды.
Жобаны іске асыру және сипаттамасы:
Жобаны іске асыру кезеңі – 5 жыл (іске асырудың басталуы – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, іске асырудың аяқталуы – 2023 жылдың 31 желтоқсаны), оның ішінде:
1. ЖК, КҚТК және МТНБ дайындау бойынша қызметтер халықтың осы көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз (жеке әріптес МЖӘ жобасын іске асыру басталған күннен – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны іске асыру аяқталған күнге – 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін), атап айтқанда:
1.1. ЖК және МТНБ дайындау бойынша қызметтер – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
1.2. Ескі үлгідегі КҚТК дайындау бойынша қызметтер – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін.
1.3. КҚТК дайындау бойынша қызметтер – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейінгі кезеңде КҚТК ескі үлгісінің де, сонымен қатар интегралды микросызбасы бар пластикалық карточканың негізіндегі КҚТК-ның да өндірісі жүзеге асырылатындығын назарға ала отырып, төменде КҚТК жасауға кезең-кезеңмен көшу мерзімдері келтірілген (интегралды микросызбасы бар пластикалық картаның негізінде), атап айтқанда:
1.3.1. МХҚКО-ларда орналасқан, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тіркеу-емтихан бөліністерінде КҚТК өндірісі бойынша қызметтер көрсетуге көшу:
1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Астана және Алматы қалаларының ХҚКО-лары;
2. 2019 жылдың 1 наурызынан бастап – 5 облыс орталығының ХҚКО-лары;
3. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – тағы 4 облыс орталығының ХҚКО-лары;
4. 2019 жылдың 1 мамырынан бастап – қалған 2 облыс орталығының ХҚКО-лары.
1.3.2. 2019 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 100 тіркеу-емтихан бөлінісінде қызметтер көрсетуге бір уақытта ауысады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің барлық тіркеу-емтихан бөліністерінде (оның ішінде МХҚКО-ларда орналасқан) КҚТК өндірісі (интегралды микросызбасы бар пластикалық картаның негізінде) бойынша қызметтер көрсету 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін толық көлемде жүзеге асырылады.
2. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту және жаңарту мерзімдері мен кезеңдері:
2.1. ЖК, КҚТК, МТНБ дайындау бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту және жаңарту:
2.1.1. ЖК және КҚТК өндірісіне арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
• Жасау, пайдалануға енгізу кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Пайдалану кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
2.1.2. Кілттерді генерациялауға, сақтауға және таратуға, электронды құжаттар өндірісінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ақпаратты ықтимал жария болмаудан қорғауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету:
• Жаңғырту, пайдалануға енгізу кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Пайдалану кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
2.1.3. МНТБ жасауды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету:
• Жасау, пайдалануға енгізу кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Пайдалану кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
2.2. ЖК, КҚТК, МТНБ дайындау бойынша қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын мүлікті (жабдықты) жаңғырту:
2.2.1. ЖК және КҚТК (интегралды микросызбасы бар пластикалық картаның негізінде) жасаудың толық циклын қамтамасыз ететін сублимациялық принтерлер мен өзге де жабдықты қоса алғанда, оларды дайындау бойынша қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер.
• Қазақстан Республикасы ІІМ-нің әрбір тіркеу бөлінісінде орналастыру және пайдалануға енгізу кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
- P520i сублимациялық принтерлерін ZXP7 сублимациялық принтерлеріне ауыстыру кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін;
2.2.2. МНТБ жасау үшін екі өндірістік желіні пайдалануға енгізу кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін.
2.3. Бағдарламалық қамтамасыз ету инновациялары
2.3.1. Барлық негізгі және ілеспе бизнес-процестерді автоматтандыратын, МНТБ бақылау және басқарудың орталықтандырылған ақпараттық жүйесі
• Жасау, пайдалануға енгізу бойынша қызметтер көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Жұмыс істеуді қамтамасыз ету (техникалық қолдау) бойынша қызметтер көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
2.3.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жүзеге асыратын тіркеу процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (көлік құралдарын есептен шығару, қою және т.с.с.).
• Қазақстан Республикасы ІІМ-нің барлық тіркеу бөліністерінде жасау, пайдалануға енгізу бойынша қызметтерді көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Жұмыс істеуді қамтамасыз ету (техникалық қолдау) бойынша қызметтер көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
2.3.3. Адамның фотосуреті бойынша сәйкестендіруге арналған (өндірістік жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда) биометриялық жүйе
• Жасау, пайдалануға енгізу бойынша қызметтерді көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін;
• Жұмыс істеуді қамтамасыз ету (техникалық қолдау) бойынша қызметтер көрсету кезеңі – 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы.
2019-2023 жылдары МТНБ, КҚТК, ЖК-ға нақты қажеттілік:
2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
МТНБ (жиынтық) кемінде 925400 953700 985600 991300 997900 КҚТК (дана) кемінде 1014800 1048900 1074000 1077600 1094668 ЖК (дана) кемінде 674600 694600 577300 582500 578107 ЖК, МТНБ, КҚТК дайындау бойынша қызметтерді жекеше әріптес жүзеге асырады; дайын өнім (ЖК, МТНБ, КҚТК) Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес одан әрі өтініш берушілерге беру үшін мемлекеттік әріптеске сатылады.
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болуы: бұл жоба «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысына сәйкес ерекше маңызды жобалар тізбесіне енгізілмеген.
Жеке әріптестің шығындарын өтеу және олардың сомасы 34 231 644 740 теңге табыс алу көздері:
• Сомасы 33 460 864 413 теңгеге МТНБ, ЖК және КҚТК жасау бойынша қызметтердi іске асыру;
• Сомасы 546 732 371 теңгеге инвестициялық шығындарды өтеу (ИШӨ);
• Сомасы 224 047 956 теңгеге операциялық шығындарды өтеу (ОШӨ).
Көрсетілген сомаға барлық салықтар, алымдар, баждар, өзге де міндетті төлемдер кіреді.
Әлеуетті жеке әріптеске қойылатын талаптар: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарға сәйкес болу. Балама ұсыныстар Қағидалардың 130-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ қажетті жабдықтардың, дайын өнімдерді дайындау үшін қажетті шығын материалдарының төмендемейтін қалдығы бар екенін (саны кемінде 308 000 дана (154 000 жиынтық) МТНБ, КҚТК – 250 000 дана, ЖК – 170 000 дана), бағдарламалық қамтамасыз етуді, аппараттық және бағдарламалық кешендердің болуын растайтын құжаттарды қамтуы тиіс.
Әлеуетті жеке әріптестердің балама ұсыныстары өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша Хабарламада көрсетілгенге (Мемлекеттік әріптесті жақсарту жағына) тең немесе одан жоғары болуы тиіс.
Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесіне ұсыну қажет. Телефоны: 8 (7172) 71- 58-06, 71-58-21.
Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.