2018 жылдың 26-27 сәуір аралығында Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасының «Үздік мемлекттік өрт бақылау қызметкері» жарысы өтті.
Жарысқа тек мықтылар ғана қатысты. Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша тоқталып өтсек.
Өңірлерде өткізілген іріктеуден жеңіп шыққандар әрқайсысы өз облыстарының атынан және басшылық тарапынан елордаға сеніммен жіберілгендіктен, барлық қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықта болды. Әрине қатысушылардың барлығында қобалжу байқалды.
"Үздік мемлекттік өрт бақылау қызметкері" жарысының тәртібі екі кезеңнен тұрды. Ол, теориялық және практикалық. Жарыстың алғашқы күні теориялық бөлімі өткізілді. Қатысушылардың барлығына өз қызметіне сәйкес 100 сұрақтан дайындалған тест жұмыстары берілді.
Екінші бөлім бірінші бөлімге қарағанда қиындау болды. Өйткені барлық қатысушылар адамдар көп шоғырланатын обьектінің біріне өрт-техникалық тексеру жұмыстарын жүргізіп ондағы кемшіліктерді анықтап, тиісінше құжаттарды толығымен талапқа сай әзірлеу керек болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша «Үздік мемлекттік өрт бақылау қызметкері» ХІІ Республикалық конкурсының бірінші орын жүлдегері Көкшетау техникалық институтының түлегі, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Назар Тенелхан атанды.
Жүлделі екінші және үшінші орын иегерлерін де атап өтпеске болмайды. Екінші орын жеңімпазы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Степногорск қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Арман Жұматайұлы Шаяхметов.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аққайың ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Дулат Маратұлы Шорманбаев үшінші орын жеңімпазы атанды.
Жарыстың жүлделі орын иегерлері Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының грамотасымен марапатталды.
«Үздік мемлекттік өрт бақылау қызметкері» жарысында өздерінің жоғарғы біліктілігін көрсеткені үшін қалған қатысушылар да Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының Дипломдарымен марапатталды.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті
Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы