АСТАНАДА ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІМЕН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ӨТУДЕ

АСТАНАДА ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІМЕН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ӨТУДЕ

Ағымдағы жылғы 15-17 мамыр аралығында Астана қаласында бірінші рет Әзербайжан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты В.Эйвазов бастаған Әзербайжан Республикасының ІІМ өкілдерінің сапары өтуде.

 

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовпен және оның бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменовпен кездесулер өткізілді.

Кездесуге екі мемлекеттің ішкі істер министрліктері орталық аппараттарының жедел бөліністерінің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында жедел бөліністердің екі жақты ынтымақтастығының болашағы және маңызды мәселелер талқыланды.

Іс-шараның қорытындылары бойынша қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі