ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ТЖМ МЕН ҚР ІІМ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУ

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ТЖМ МЕН ҚР ІІМ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУ

2018 жылғы 18 мамырда Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы ТЖМ мен ҚР ІІМ алқасының төртінші бірлескен отырысы өтті, оған Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің статс-хатшысы А.М. Мамбетов және ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер және бейінді бөлімшелердің басшылары қатысты, олар қаралып отырған мәселелер бойынша баяндама жасады.
 

Отырыста Қырғыз Республикасы ТЖМ мен Қазақстан Республикасы ІІМ алқасының үшінші бірлескен отырысы шешімінің орындалуы, табиғи өрттерді сөндіру тәжірибесі, су объектілерінде адамдардың қаза болуының алдын алуда жаңа әдістерді пайдалану, халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды оқытудың жаңа әдістерін енгізу бойынша тәжірибе алмасу, дүлей зілзалалардың қауіп-қатерлерін азайтудағы ақпараттық технологиялар мәселелері қаралды.
 

Министрліктердің алқа аясындағы тығыз ынтымақтастығы 2009 жылдан бері жүзеге асырылуда, осы уақыт аралығында 4 отырыс өтті.

Осы отырыс барысында  басымдықтар айқындалды және министрліктердің одан әрі ынтымақтастығының нақты шаралары анықталды.

Бірлескен алқаның осындай жұмысы Қазақстан ІІМ мен Қырғыз Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою саласындағы қызметтерін ұйымдастыруға оң әсер береді. 

 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі