БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

2018 жылғы 29 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Ә. Оспановтың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Р. Иманқұловтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н. Оршубековтің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары З. Мақсұтованың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Ә. Оспановтың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі  Р. Иманқұловтың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы М. Рахимжанованың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.

Міне, көптен күткен жазғы демалыс уақыты да басталды. Осы кезде балалардың көбі ата-аналарының қарауынсыз қалып жатады, себебі ата-аналардың барлығында бірдей балаларының демалысын ұйымдастырып, бақылауға уақыттары болмайды. Әрине, бүгінгі күні балалардың қауіпсіздік мәселесі өзекті болып отыр.

ТЖ комитеті білім беру, денсаулық сақтау министрліктерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірігіп судағы және өрт кезіндегі балалардың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін өткізуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бері 40 профилактикалық брифинг өткізілді. Халық арасында 73 мыңнан астам үгіттеу материалдары таратылды (парақшалар, жаднамалар, брошюралар).

Қоғамдық тәртіпті сақтауды және қалалық жағажайларда суда зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін 44 қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 15 медициналық пункт құрылды, 328 көрнекі стенд орнатылды. 300 құтқару бекеті қосымша ұйымдастырылатын болады.

Балалардың суда қаза болуының алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Еліміздің оқу орындарында жоспардан тыс ата-аналар жиналыстары өткізілді, онда ата-аналардың назарына су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жеткізілді.

Судағы қауіпсіздік бойынша 100-ден астам интерактивті сабақ ұйымдастырылып өткізілді. Су айдындарына жақын орналасқан балалар лагерьлерінде құтқарушылар жағажайлардың түбін тазартып, арнайы ақпараттық стендтер орнатылады.

Суға шомылу маусымының қызған уақыты маусым-шілде айлары (ауа температурасының көтерілуі байқалады), осы кезде елімзідегі халықтың басым бөлігі еңбек демалысына, балалар жазғы демалысқа шыққан уақыт. Ол кезде адамдар жаппай су айдындарына барады деп күтілуде.

Көбінесе, судағы оқиғалар   адамдардың өзіне-өзі сенуі, өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауы, судағы қарапайым жүріс-тұрыс қағдаларын сақтамауы салдарынан орын алып жатады.
Өрт қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өрт кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеу және азайту мақсатында ТЖК бөлімшелері балалармен жан-жақты профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жаднымалар тарату сияқты стандартты тәсілдермен қатар біз интерактивті сабақтар, экскурсиялар, байқаулар, бөлімшелерімізде ашық есіктер күндерін өткіземіз.

Балалар арасында өрт-құтқару спорты бойынша викториналар, жарыстар өткізіледі. Сандық деректерді келтіре кетейік: жыл басынан бері біздің бөлімшелер өрт қауіпсіздігі бойынша 289 интерактивті сабақ өткізді, оларға 176 969 оқушы қатысты.

Еліміздің 21 мыңнан астам оқушысы «Жас құтқарушы» атты үйірмеге қатысады. Біз БҰҰ «ЮНИСЕФ»  халықаралық балалар  қоры, Қызыл Жарты Ай сияқты халықаралық қорлармен белсенді жұмыс жүргіземіз.

Қазір эфирді тыңдап отырған адамдардың барлығын кез-келген ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидасы, қауіпсіздік қағидасы орналастырылған ТЖК сайты мен оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарын қарауға шақырамын. Танысыңыздар. Өз білім деңгейлеріңізді арттырыңыздар. Сіздердің денсаулықтарыңыз және сіздердің балаларыңыздың денсаулығы мемлекет үшін бірінші орында, бірақ азаматтардың өздері де ТЖ кезіндегі өзіндік қауіпсіздік қағидасын оқу қажеттігіне саналы түрде қарауы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
 баспасөз қызметі