СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

ІІМ Орталық госпиаталінде Сыбайлас жемқарлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро (Жемқорлыққа қарсы қызмет), Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Астана қаласы бойынша департаменттерінің басшылары Тілеген Қаскин мен Шыңғыс Қабдолла және Орталық әскери-дәрігерлік комиссия

Мен ҚР ІІМ Орталық госпиталь емханасының ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайлар қалпытастырушы факторларды жою жөнінде арнайы кеңес өтті.
 

Кеңесте әскери-дәрігерлік комиссия қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және оған қолайлы жағдайлар туғызатын факторларды жою, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға итермелейтін жағдайларды қалпына келтіру бойынша ұсынымдарды қарау тәжірибесі және басқа да заң бұзушылықтар, сондай-ақ жалпы жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау мәселелері қаралды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы, соның ішінде ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерінде медициналық тексеруден өтуге жолдама берудің, сонымен бірге қорытынды жиын өткізудің соңғы мерзімін бекіту бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет ұсыным енгізгені аталып өтілді.

Дәрігер-мамандарға қаралу, анализдер тапсыру және қорытынды жиын өткізудің кестесін жасау тәжірибесін енгізу мәселелері де талқыланды. Медициналық тексеруден уақытылы өтуге үміткердің өзі жауапты болуы үшін өз бетінше реттеуге келетін (мәселен интернет-портал арқылы, ұялы қосымшалар және т.б.) жағдайларды дұрыс жолға қою мәселесі де қаралды.

Кеңесте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және ескерту бойынша шараларды жетілдіру, белсенділігін арттыру әскери-дәрігерлік комиссия қызметіндегі жемқорлық қатерлерін барынша азайтып, жемқорлыққа қарсы сананың дамуын қамтамасыз ететіні кеңінен сөз болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі