Астанаға Польша Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Бюросының басшысы Павел Солох бастаған Польшаның күш құрылымдарының делегациясы сапармен келді. Сапар барысында ІІМ-де польшалық делегациямен Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан кездесті.
Кездесуге польшалық тараптан Польша Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Бюросының басшысы Павел Солох, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Польша Ұлттық қауіпсіздік Бюросының Әскери қолбасшылығы департаментінің директоры Ярослав Крашевски, Польша Ұлттық қауіпсіздік Бюросының Стратегиялық талдау департаментінің директоры Петр Влодарски қатысты.
Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызмет басшылары қатысты.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы екі тараптық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі