КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 20-ШЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 20-ШЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

2018 жылғы 21 маусымда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жас құтқарушы офицерлерді өздерінің қатарына қабылдады, олар күні ертең өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын іс-жүзінде пайдалана отырып, ТЖ комитетінің бөлімшелерінде қызмет етуді бастайды.

Күндізгі оқыту факультеті курсанттарының шығарылымына арналған салтанатты рәсімге ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В.В.Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Крылов В.Л., азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа құрметті қонақтар қатысты.

КТИ-дың күндізгі оқу факультетінің курсанттарынан басқа институт жолдамасы бойынша Ресей және Беларусь ТЖМ жоғары оқу орындарында оқу бітірген 34 жас мамандар да өмірге жолдама алды. Сонымен қатар халықаралық келісімге сәйкес үшінші жыл қатарынан КТИ Қырғызстан ТЖМ үшін мамандарды дайындап шығарды.

20 жылдан астам уақыт ішінде Көкшетау техникалық институтының жұмысы азаматтық қорғау саласында білім қызметін табысты жүргізуші жоғары оқу орны беделіне ие болды. Ол 4534 маман дайындады, сондай-ақ шетел оқу орнының түлектері, ТЖ комитетінің 3323 қызметкері институт қабырғасында қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар КТИ өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау және азаматтық қорғаныс салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ спорттың көптеген түрі бойынша лайықты спортшыларды дайындайды.

Барлық түлектер алдын ала республика бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріндегі лауазымдарға тағайындалып таратылған.

Іс-шара дәстүр бойынша Ақмола облысы гарнизонының өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесімен, түлектердің ата-аналарын, олардың жақындары мен жалпы қонақтарды жоғары оқу орынның тарихымен таныстырудан басталды. Олардың назарына оқу орнының қалыптасуы мен қызметі туралы деректі фильм де ұсынылды.

Шығарылымның салтанатты рәсімін ашық деп жариялаған Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өзінің бастама сөзінде Оразақ ауылдағытөтенше жағдайлардың салдарын жою, судың басып кету қауіпінен Атбасар қаласын қорғау, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алау эстафетасы, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты күрделі де жауапты шараларға қатысу мүмкіндігі болған соң осы түлектердің ерекше екендігіне баса назар аударды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В.В.Беккер өзінің құттықтау сөзінде, жас лейтенанттарды институтты табысты бітірулерімен, алғашқы офицерлік атақ алуларымен құттықтап, қызметтердің және құрылымдық бөлімшелердің кадрлық күшейтілуі, қыметкерлердің кәсібилігін жоғарылату жүйенің нәтижелі жұмысының басты шарттарының бірі болып табылатындықтан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беруге ерекше назар аударатыны атап өтті. 

В.Л. Крылов  өз сөзінде елдің алдағы уақытта өздері, ата-аналары, облыс пен жалпы ел үшін көптеген істерді атқара алатын жас, бастамашыл, сауатты мамандарға ие болып отырғандығын айқындады.

Бұдан соң дипломдарды табыс ету рәсімі жалғасты,  дипломдарды оқу озаттары мен ерекше көзге түскен түлектерге табыс етті.

КТИ-дағы шығарылым рәсімінің жақсы дәстүрлерінің бірі - жауынгерлік тумен қоштасу болып табылады. Осы оқу жылында түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы азаматтық қорғау лейтананты Жұмабаев Амангелді берілді, ол 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болып, курста және институтта өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысқан және курстастары еліктейтін үлгі болды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер офицерлік қоштасу вальсін билеп, аспанға курсанттық өмірмен және оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шарлардан жасалған курсанттық погон композициясы жіберілді.

Жас лейтенанттар соңғы рет жалпы курсанттық салтанатты шерумен өтіп, жас офицерлердің таза ниеттерін және мінсіз қызмет атқаратындықтарын білдіретін күміс ақшаны көкке шашты.
Жас лейтенанттар оқу ұясынан ұшып шығып, жоғары кәсіптілік пен отансүйгіштіктің үлгісі бола отырып, азаматтық қорғау офицерлерінің атағын жоғары ұстап, міндеттерін мақтанышпен атқаратындықтарына сенімдіміз.


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институтының
баспасөз қызметі