Полиция күні мерекесін атап өту аясында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық Ұлан әскери қызметшілеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою, ҚР ІІМ-нің оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектеріне лейтенант погондарын табыстау рәсімі өтті.
Монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне министрліктің және орталық аппарат қызметтерінің басшылары, ардагерлер, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері, шақырылған қонақтар, түлектердің ата-аналары қатысты.
Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскер әскери қызметшілерінің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жариялады. Сонымен қатар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР ІІМ оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондарын салтанатты түрде табыс етті.
ІІМ-нің Клубында салтанатты жиналыс өтіп, онда Қ. Қасымов ІІО қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Кеш соңында Алматы қаласы ІІД мен Ұлттық Ұлан көркем өнерпаздары даярлаған мерекелік концерт ұсынылды.
Министрдің мерекелік бұйрығымен Орталық аппараттың және аумақтық бөліністердің 854 қызметкері қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін марапатталды.
Анықтама ретінде:
• 2018 жылы ҚР ІІМ жоғары оқу орындарын аяқтаған 1070 түлек лейтенант арнайы атағын алды. Ведомствода 6 жоғары оқу орны жұмыс істейді: ҚР ІІМ-нің Алматы, Қарағанды, Қостанай академиядары және Ақтөбе заң, Көкшетау техникалық, Петропавл әскери институттары.
• Соңғы 26 жылдың ішінде ішкі істер органдарының 850 қызметкері қызметтік міндеттерін өтеу кезінде, қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін өтеу кезінде 2320 полиция қызметкері жарақат алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі