МИНИСТР ҚАСЫМОВ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МИНИСТР ҚАСЫМОВ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ІІМ-де ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне және «Сақшы-На страже» газеттерінің 85-жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.

Іс-шараға орталық аппараттың басшылығы және жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Министр журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, полиция жұмысына деген тұрақты қызығушылықтарына және ішкі істер органдарының қызметін жан-жақты әрі объективті жариялайтындықтарына алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар мен кәсіби шыңды бағындыруларына тілек білдірді. 
 

БАҚ-та ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін белсенді жариялағаны үшін ішкі істер министрі Қ. Қасымов 34 журналисті марапаттады. 
 

Марапаттау салтанаты Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева секілді қазақстандық эстрада және ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ансамблі жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты. 
 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі