Еліміздің барлық өңірлерінде халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арнаоған кең аумықмды акция ұйымдастырылды.
Астанада бұл шара «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Денің сау болу - бұл сәнді» атты желеумен өтті.
Акцияның ұйымдастырушылары болып ІІМ және Астана қ. ІІД табылды.
Акцияның мақсаты- қоғамның назарын нашақорлық мәселесіне, негізгі қауіп тобы болып табылатын жасөспірімдер мен жастар проблемаларын кешенді шешу қажеттілігіне, есірткіге қарсы иммунитетті, салауатты өмір салтын ұстанудың қағидаларын қалыптастыруға аудару.
Іс-шара Астана қ. Әкімдігінің, қала қызметтерінің, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының және ҮЕҰ қолдауымен өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға қазақ эстрадасы мен спорт жұлдыздары А. Кішкенбаев, джиу-джитсудан алғашқы қара белбеу иегері, Астанада Аlliance мектебінің негізін қалаушы, бразильялық джиу-джитсудан әлем чемпионы А. Рузахунов, Қазақсан Республикасында Street Workout бойынша бас бапкер А.Жакупов, киокушинкай каратэ - до, джиу- джитсу, таэквон- до өкілдері, аниматорлар қатысты.
Акция барысында түрлі сайыстар, мастер-класстар өткізілді. Іс-шараға қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.