ҚР ІІМ ТЖ КОМИТЕТІНДЕ «ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

ҚР ІІМ ТЖ КОМИТЕТІНДЕ «ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында брифинг өтті.


 ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығының орынбасары Ж.С. Асқаров спикер болып сөз сөйледі.     
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ҚР ІІМ ТЖ комитеті әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.
Еліміз бойынша суға шомылуға арналған 100-ден астам қалалық және  500 жекеменшік жағажай анықталды, ол жерлерде ТЖК бөлімшелерінде арнайы дайындықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен (барлығы 1197) 268 объектілік құтқару бекеті құрылды.
Құтқарушылар су айдындарының қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде (жабайы жағажай) мобильді құтқару бекеттерінің кезекшілігін ұйымдастырды.
 Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Орал өзенінің (6 адам, оның ішінде 4 бала суға батып кетті), Нұра-Есіл арнасының (4 адам/оның ішінде 4 бала), Ертіс өзенінің (3 адам/ оның ішінде 2 бала), Қапшағай су қоймасының (3 адам)  учаскелері, сондай-ақ ауылдық жерлерде орналасқан арналар, қазандықтар суға шомылу үшін қауіпті, ол жерлерде суға шомылу маусымы кезеңінде апта сайын адамдар суға батуда.
ТЖК-ның адамдардың суда қаза болуына жүргізген талдауына сәйкес суға батып кеткен адамдардың 66%-ы ауылдық жерлерде болған (49 адам, оның ішінде 23 бала). 
Осы талдауды есепке ала отырып, ТЖД әкімдіктермен бірлесіп суға шомылуға тыйым салынған орындарды анықтап, ол жерлерде 2,5 мыңнан астам тыйым салу және ескерту белгілерін орнатты.
Жергілікті полиция қызметі құтқарушылармен бірлесіп су айдындары маңында демалушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы бойынша (спиртті ішімдіктерді ішуге және азаматтардың тыйым салынған жерлерде шомылуына жол бермеу) адамдар жаппай баратын су айдындарында және жабайы жағажайларда (су айдындарының шомылу үшін жабдықталмаған тыйым салынған орындары) рейдтік іс-шаралары белсенді өткізуде.
Мәселен, ағымдағы жылғы сәуір мен 25 маусым аралығында  2000-нан астам рейд өткізілді, 231 адам «Қоғамдық орындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары» ӘҚБК 440-бабының және «Жалпы суды пайдалану қағидаларын бұзу» ӘҚБК 364-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауқымды ақпараттық жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.
Биылғы жылы алғаш рет елімізде профилактикалық жұмыстар жүргізуге волонтерлік ұйымдар тартылды, «Жас Отан» жастар қанатымен тиісті жоспар-кесте бекітілді.
Жалпы 2 мыңнан астам волонтер тартылды, олар 330 акцияны өткізуге, 200 бейнематериал әзірлеуге қатысты,  123 мың үгіт өнімін таратты.
БАҚ арқылы негізгі қауіпсіздік шаралары жеткізіліп отырды.
Халық арасында (суда, демалушылар, балық аулаушылар, оқу орындарының оқушылары) 300 мыңнан астам үгіт өнімдері (парақшалар, жаднамалар, брошюра) таратылды.
Жазғы уақытта балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеке жұмыстар жүргізілді.
Жазғы кезең басталғанға дейін еліміздің оқу орындарында 10 мыңнан астам профилактикалық  әңгімелесулер және 200 интерактивті сабақтар, мектептер де 883 жоспардан тыс ата-аналар жиналысы, ұйымдастырылды, онда ата-аналарға су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жеткізілді, суда адам (бала) өлімінің себептері туралы бейне роликтер көрсетілді. Қалалық жағажайларда суға шомылуға арналған 120 қауіпсіз балалар жағажайлары жабдықталды, онда құтқарушылар балаларға жүзуді үйретті (500-ге жуық бала жүзуді үйренді).
Су айдындарының маңында орналасқан 115 балалар лагерінде құтқарушылар жағажай акваторийлерін тексерді, құтқару жабдықтарына тексеру жүргізді, судағы қауіпсіздік шаралары туралы стендтер орнатылды.
Сонымен бірге балалардың су айдындарында қаза болуына жүргізілген талдау көрсеткендей, оқиғалардың басым бөлігі сағат 15.00-18.00 аралығында (сабақтан кейін) орын алады, себебі бұл кезде балалар жалғыз және қараусыз қалады.
Суға батып кеткен балалардың жас ерекшеліктері 3-10 жас аралығында. Дәл осы жаста ата-анасы балаларына үлкен ықыласпен қарап, ерекше көңіл аударуы қажет.
Тағы айта кететін жәйт, суға батқан балалардың  басым бөлігі ер балалар. Көбінесе, тек ер балалар көшеде (серуендеу) бұзақылық жасауына байланысты қысылтаяң жағдайларға ұшырайды, өз өмірін қатерге тігеді.
2018 жылғы 26 маусымға жағдайы бойынша жыл басынан бастап, еліміздің су айдындарында жедел деректерге сәйкес 74 адам, соның ішінде 33 бала қаза болған, 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 117 адам, соның 60-ы бала суға батқан.
Шомылу маусымының басынан елдің су айдындарында 48 адам, соның ішінде 22 бала қаза болды.
Ең көп суға батқан 2018 жылдың басынан Алматы (14 адам/оның ішінде 5 бала), Түркістан (10 адам/оның ішінде 7 бала), ШҚО (9 адам/оның ішінде 2 бала), Атырау (8адам/оның ішінде 6 бала), Жамбыл (7адам/оның ішінде 4 бала) облыстарында тіркелді.
 Жылдың басынан бері суға батып кеткендердің саны өткен жылғымен салыстырғанда 41% немесе 45 адамға (74 және 117) қысқарғанын (26 маусымға дейінгі жағдай) атап айту қажет.
Анықтамалық:
қаза табудың негізгі себептері мыналар болып табылады:
 тыйым салынған жерлерде шомылу, оның ішінде мас күйінде;
жүзе біомеу, өз күшін болжап білмеу;
су айдындарының жанында балаларды қараусыз қалдыру;
балық аулау кезінде қағидаларды сақтамау;
басқа себептер (адам құтқару кезінде, жүзу құралдарымен суда сырғанау және т.б.).
сондай-ақ, суға батқандардың санының қысқаруына көп өңірлердің аумақтарында сақталған салқын ауа райы да әсер еткенін атап айту керек.
Сонымен бірге, синоптиктердің мәліметтеріне сәйкес осы аптаның соңында және демалыс күндері еліміздің Батыс және Оңтүстік аймақтарында термометрлердің бағандары 40 градустан жоғары көтеріледі, сондай-ақ ұзақ мерзімді болжамға сәйкес ағымдағы жылғы шілдеде аталған өңірлерде амомальді ыстық күтілуде, соның салдарынан халық жаппай шомылатын жерлер іздей бастайды.
Осыған байланысты, еліміздің азаматтарының назарын су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғымыз келеді, және бірінші кезекте:
- тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға түспеу;
- суға түспеу және алкогольді және наркотикалық мас болу күйінде суға түспеу; айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға лайық емес құрылыстардан суға секірмеу;
- жүзу шекараларын көрсететін белгілерден әрі қарай жүзбеу;
- жүзуге арналмаған заттарда жүзбеу;
- техникалық және ескерту белгілеріне мінбеу;
- балалар үлкендердің еріп жүруінсіз суға түспеу.
Әрбір адам қауіпті жерлерді және суға түсейін деп жатқан су айдынының ерекшеліктерін білу керек, себебі жабдықталмаған жерлер толқынды, ол жерлерде суға батқан ағаштар, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін,  жақын жүзіп келе жатқан катерлерге, моторлы қайықтарға, тағы басқа сол тәрізділерге жүзіп бару өте қауіпті, себебі жүзіп келе жатқан құрылғының түбіне жанынжа жүзіп келе жатқан адамды тартып алу жағдайлары орын алған.
Шомылар алдында су айдынын тексеріп алу керек, шомылу үшін таңдап алынған жердің жағасы құмды болуы және суға түсетін жері ыңғайлы болуы керек, шомылу үшін таңдап алынған жерде қисайған ағаштың жоқтығына көз жеткізілу керек, судың түбі орсыз және еңіссіз болуы керек.  
Суда ұзақ шомылу да денсаулыққа қауіпті екенін айта кеткен жөн және шомылу ұзақтығы негізінен ауа, су температурасына және желдің екпініне байланысты. Шомылу үшін барынша қолайлы режим, бұл:
- су температурасы + 180 , шомылу уақыты 6-8 минут;
- су температурасы + 200 , шомылу уақыты 10-12 минут;
- су температурасы +200 жоғары, шомылу уақыты 15 минутқа дейін;


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі