Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлеріне «Астана – 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 134 ардагері Қазақстан Республикасы мен елорданың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Министрдің қолынан марапат алғандардың ішінде еліміздің елордасын қалыптасу жылдары еңбек еткен ІІМ-нің бұрынғы басшылары – Болат Ысқақов, министрдің бірінші орынбасары Марат Демеуов, министрдің орынбасары Николай Власов, қызмет басшылары Игорь Кан, Болат Ибраев, Кеңес Арыстанов, Мұратбек Кәрібаев, Әсет Ақанов және тағы басқалары бар.
Министр өз сөзінде ардагерлердің ішкі істер органдарын қалыптастыру, жас тәуелсіз мемлекеттің құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, Астананы көркейту кезіндегі елеулі еңбектерін арнайы атап өтті. Ардагерлерді елорданың мерейлі мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық және табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі