ЖОҒАРҒЫ ШЕН – ОФИЦЕР

ЖОҒАРҒЫ ШЕН – ОФИЦЕР

Ағымдағы жылғы 4-шілдеде «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты туын көтеріп, елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу шараларын бастады.

  Ресми шара барысында еліміздегі әскери оқу орындарын үздік бітірген 12 жас түлек  Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы қолынан офицерлік шендерін алды.

 Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының түлегі Жазира Ибрахим өзінің алғашқы лейтенанттық шенін ел Президентінің қолынан алды.

 – Алғашқы офицерлік шенді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан алу – мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Жазира Ибрахим. – Бұл салтанатты шара біздің есімізде мәңгі сақталады және алдағы қызмет барысында бізді үнемі жетістіктерге ынталандыратын болады, – дейді оқу орнынын түлегі.

 – Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының бізге берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне өте ризамыз. Президенттің қолынан лейтенант шенін алу мәртебесін және бізге сеніп тапсырылған Отан қорғау міндетін ақтау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға уәде береміз.

 Погон алған курсанттар қатарында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының түлектері Дархан Азаматов және Дархан Бектұрсынов, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының түлектері Бағдат Мұқайұлы мен Қанат Сағынбек, Түркістан облысының ІІД Кентау қ. ІІБ криминалдық полциция бөлімінің жедел уәкілі Нығметжан Керім және республиканың өзге де жоғары әскери оқу орындарының түлектері бар.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі