ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЖД БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЖД БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласының және Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаметінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды.
А. Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы.лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды.
Т.Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі. 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі