ДЕНИС ТЕННІҢ ҚАЗА ТАБУЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ДЕНИС ТЕННІҢ ҚАЗА ТАБУЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Денис Теннің қаза табу фактісі бойынша жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысты адамдар анықталды.

 

Күдіктінің біреуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екіншісін ұстау үшін іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Басқа ақпарат Тергеу мүддесіне байланысты таратылмайды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі