Денис Тенді өлтіруге қатысты екінші күдіктіні 23-жастағы Қызылорда облысының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Ұстау кең ауқымды іздестіру іс-шарасына кейін Ақсай шағын ауданындағы №42 жалпы білім беру мектебінің жанында ІІМ және Алматы қаласы ІІД-мен құрылған арнайы тергеу-жедел тобымен жүргізілді.
Денис Теннің өлім фактісі бойынша пайдакүнемдік ниетпен бір топ адам өлтіру ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2 бөлімі бойынша ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.
Қылмыстық істі тергеу үшін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтың басқаруымен ІІМ және ІІД тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын тергеу-жедел тобы құрылды.
Тергеу-жедел іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасауға қатысты адамдарды белгіледі.
Олардың біреуі-1994 жылы туған Н.Д.Қиясовтың «ізі суытылмай» ұсталды және уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Өлтіруге қатысты екінші күдіктіні іздеуге Министрлік барлық жеке құрамға және аумақтық Ішкі істер департаментінің қосымша күшіне бағдар берді.
Ішкі істер министрлігі қылмысты ашуға көмек көрсеткен адамдарға алғысын білдіреді.
Қылмыстық іс бойынша кешендік қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Қылмыстық іс Бас прокурор мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бақылауында тұр.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз -қызметі