АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҰҚКҰ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҰҚКҰ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10 тамызда Алматы қ. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) базасында ҰҚКҰ-на мүше мемлекеттердің Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі құзіретті органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің Есірткіге қарсы операцияларды және қызметтің басқа бағыттарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

     Іс-шараға Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының хатшысы М.Мелихов, Ресейдің, Арменияның, Беларусияның, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Қазақстанның құзіретті органдары өкілдері қатысты.

    Отырысқа қатысушылар  Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау  жөніндегі құзіретті  органдары басшыларының үйлестіру  кеңесінің келесі  отырысында Ауғаныстан және Иран құзіретті органдары басшыларының қатысу ықтималдығын қарастырды. 

    Сондай-ақ, «Канал-Красный бархан» шартты атауымен «Канал» Өңірлік есірткіге қарсы операциясына дайындық талқыланды, операцияның  халықаралық  үйлестіру штабы Шымкент қ. орналасады. Арнайы операцияда ҰҚКҰ-на мүше-мемлекеттердің есірткіге қарсы құрылымдарының 22 мыңнан  астам  қызметкері қатысады.

    Операцияның мақсаты- ауған апиыны транзитіне қарсы іс-қимыл жасау, каннабис тобындағы есірткілерді өндіруге арналған есірткі  шикізатын анықтау және жою, ҰҚКҰ мүше мемлекеттер  аумағында синтетикалық және психобелсенді жаңа заттарды тарату арналарының жолын кесу. 
     Бақылаушы ретінде Ауғаныстан, Иран, Қытай, Өзбекстан, Германия және Польша өкілдері қатысады.