ҚЖИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІНІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АНОНС

ҚЖИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІНІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АНОНС

2018 жылғы 20-29 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен Қызылорда қаласында Ғ. Байтасов атындағы Қозғалыстың жас инспекторлары республикалық слеті (бұдан әрі - ҚЖИ) өтеді. Оған 190 бала – Қазақстанның өңірлік жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

   Қызылорда облысының әкімдігі мен Ішкі істер департаменті, Қазақстандағы «Шелл» концерні іс-шараны қолдауда.

  «Слет бағдарламасы жарыстардан тұрады және «Саптық байқау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалары конкурсы» атты 8 конкурсты, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу және велосипедті автоқалашықты жүргізу жөніндегі жарыстарды қамтиды, - деп атап өтті ҚР ІІМ ӘПК ресми өкілі Ақтоты Боранова. - Бұдан бөлек, слет барысында полиция қызметкерлері мен білім беру жүйесінің жұмыскерлері арасында конкурстар өткізілгелі отыр, олардың нәтижелері жалпыкомандалық есепке алынады».
           Полиция қызметкерлері ЖҚЕ білу, баспасөз хабарламасын жазу, автокөлікпен жылдамдықта маневр жасау және ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша күш сынасады. Педагогтар балалардың жолдағы қауіпсіздігі тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны өткізу бойынша шеберлігін көрсетеді.
            Балаларға арналған жарыстардан бөлек, көптеген қызықты іс-шаралар, конкурстар, экскурсиялар және кездесулер көзделіп отыр.
            ҚЖИ слеті – кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен орын алған ЖКО алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері, педагогтар, мектеп оқушылары тарапынан үнемі атқарылып тұратын бірлескен жұмыстың бір бөлігі ғана.
          Ашылу рәсіміне арналған салтанатты шеру 22 тамызда сағат 09.30-да, Желтоқсан (Мұратбаев көшесінен) – Есенов көшелерінде өтеді, ал рәсімнің өзі – сағат 10.00-де «Еуразия» спорттық кешенінде өткізіледі.

Анықтама ретінде: Биылғы жылы ҚЖИ қозғалыс негізгі қаланған күннен бастап 45 жылдығын атап өтеді. Ол қозғалысының алғашқы жас инспекторлары 1973 жылы пайда болған (Кеңес Одағында ҚЖИ бірінші ережесі 1973 жылғы 6 наурызда БЛКЖО ОК, КСРО ІІМ және КСРО Білім министрлігінің бірлескен отырысында қабылданды). ҚЖИ қызметінің негізгі міндеттері - балалар мен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жолдарда балалардың жарақат алуын болдырмау. 1978 жылы Ростов-на-Дону қаласында ҚЖИ бірінші Бүкілодақтық слеті өткізілді. Қазақстанда ҚЖИ республикалық слеттері 1982 ж. Алматы қаласында, 1987 ж. Ақтөбе қаласында, 1989 ж. Қарағанды қаласында өткізілді.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, осындай слеттер ұзақ уақыт бойы өткізілмей келген. Дегенмен, 2001 жылы ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті ҚЖИ қозғалысын жаңғыртып, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ҚЖИ бірінші слетін өткізуді ұсынды. Кейінгі жылдары, қозғалыстың жас инспекторларының республикалық слеттерін жыл сайын өткізу жақсы әдетке айналды.


                           ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
БАҚ аккредитациясы +77019731777 тел. бойынша,
Қызылорда қ. ІІД баспасөз қызметі: 295688,295061