Бүгін, 22 тамызда Қызылорда қаласында Ғ. Байтасов атындағы қозғалыстың жас инспекторларының (бұдан әрі - ҚЖИ) республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Форум, балалардың жол-көлік оқиғасында жарақат алуын болдырмау және балалар мен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін бұзуға деген төзімсіздікті қалыптастыру мақсатында, ІІМ ӘПК бастамасы бойынша Қызылорда облысы БҒМ, ІІД-мен бірге өткізілуде.
Іс-шараны қолдағандар: Қызылорда облысының әкімдігі, Қазақстандағы «Шелл» концерні.
«Слетке Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Беларусь Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан жол-патрульдік полицияның жас көмекшілері жиналды. - деп атап өтті ҚР ІІМ ӘПК ресми өкілі Ирина Лукьянина. – Бұл балалар өздерінің мектептерінде ЖҚЕ сақтауды насихаттайды, құрдастары арасында түрлі іс-шаралар мен конкурстар өткізеді».
«Слет бағдарламасы жарыстарды көздейді және «Саптық байқау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалары конкурсы» атты 8 конкурсты, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу және велосипедті автоқалашықты жүргізу жөніндегі жарыстарды қамтиды.
Бұдан бөлек, слет бағдарламасында полиция қызметкерлері мен білім беру жүйесінің жұмыскерлері арасында конкурстар өткізілгелі отыр, олардың нәтижелері жалпыкомандалық есепке алынады».
Полиция қызметкерлері ЖҚЕ білу, баспасөз хабарламасын жазу, автокөлікпен жылдамдықта маневр жасау және ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша күш сынасады. Педагогтар, балалардың жолдағы қауіпсіздігі тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны өткізу бойынша шеберлігін көрсетеді.
ҚЖИ қозғалысы, оның слеттері, конкурстары жалпы білім беру үдерісін тереңдетуге ықпал етеді, өскелең ұрпақтың мәдени деңгейіне айтарлықтай әсер етеді, кішкентай азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, балалардың жол-көлік оқиғасында жарақат алу жағдайына нақты түрде ықпал етеді.
Форум 29 тамызға дейін жалғасады.
«Осындай конкурстарды, іс-шараларды өткізгенде, жол қозғалысының ең кішкентай қатысушыларының ЖҚЕ бұзуға деген төзімсіздік ұстанымдарын қалыптастыруға тырысамыз» - деп қорытты сөзін Лукьянина.
Жақын арадағы 2 күнге арналған жарыстар бағдарламасы:
Бүгін, 22 тамызда №264 мектепте
16.00 – полиция қызметкерлері арасында ЖҚЕ білу деңгейін анықтауға арналған емтихан
16.20 – Алғашқы көмек көрсету бойынша полиция қызметкерлері арасындағы конкурс (теория)
16.40 – «ЖҚЕ білгірлері» ҚЖИ арасындағы конкурсы
23 тамыз
09.30 – 10.30 – ҚЖИ конкурстары: «Саптық байқау», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Велосипедті автоқалашықта жүргізу»
16.15 – «Ашық үзіліс» педагогтар арасындағы конкурсы
16.30 – ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша балаларға арналған тренинг
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
БАҚ аккредитациясы +77019731777 тел. бойынша
Қызылорда қ. ІІД баспасөз қызметі +77017620007
295688, 295061