Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ГФР құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.
ІІМ қабырғасында ашық диалог форматында өткен кездесуде шетелдік қонақтар қылмыстық өндірістің германдық үлгісі туралы айтып берді.
Өз кезегінде Қ. Қасымов Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру үшін іске асырылып жатқан іс-шаралар жөнінде атап өтті.
Тараптар қылмыспен күресу саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында Ішкі істер министрі екіжақты ықтымақтастыққа сенімділік танытты.
Кездесу соңында Ішкі істер министрі екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі жемісті болуына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі