Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов салтанатты түрде 10 қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті.
«ВАЗ-21214» (Нива) маркалы жаңа жеңіл автокөліктер Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне алынды.
«Көліктің екеуі облыс орталығы мен Байқоңыр қаласына арналса, қалған сегізі аудандық ауылдарға беріледі. Мұндай шаралар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ішкі істер органдарына деген ерекше назармен қатар, жаңа институт – пробация қызметіне айтарлықтай көмек болып табылады», – ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Салтанатты шара соңында өңірлік ҚАЖ департаментінің басшысы Ғанибек Отарбаев көрсетілген көмекке және жоғары сенімге алғыс білдіріп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстың жоғары нәтиже көрсететінін айтты.