ІІМ-нің орталық аппаратының қызметкерлері жанұяларымен өткен демалыс күндері «Тайтөбе» демалу орнында Отбасы күнін атап өтті.
Мерекеде отбасылық старттық ойындар, балық аулау конкурсы, спорттық жарыстар мен музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.
Конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік мерген» номинациясында бірінші орындарды қызметкерлердің балалары Әділжан Ерасыл мен Аружан Сүлейменова иеленді. Ал «Отбасылық старттарда» Молдахановтар отбасы жеңіске жетті. Сонымен қатар балық аулау конкурсында 1 кг. астам балық аулаған Әкімшілік полиция комитетінің қызметкері Абылай Такиров өте жоғары нәтиже көрсетті.
Мерекелік шараның барлық жеңімпаздары сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі