2019 ЖЫЛДАН БАСТАП БАЛАЛАРДЫҢ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУЫ ҮШІН ЖЕКЕ ПАСПОРТ РЕСІМДЕУ ҚАЖЕТ

2019 ЖЫЛДАН БАСТАП БАЛАЛАРДЫҢ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУЫ ҮШІН ЖЕКЕ ПАСПОРТ РЕСІМДЕУ ҚАЖЕТ

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортына 16 жасқа дейінгі балалары туралы жазу енгізілуі мүмкін, ата-аналарымен бірге шетелге барған жағдайда балалардың фотосуреттері жапсырылады.

 Әлемдегі терроризм мен экстремизм қаупіне байланысты көптеген елдер өз шекарасынан өткізу тәртібін қатаңдатты.

Әлемдік қауымдастық паспорттық-визалық бақылаудан өткізуді, жеке тұлғаны растау үлгілерін жетілдіріп, бүгінде биометриялық мәліметтері бар құжаттар (цифрлы фотосуреттер, саусақ таңбасы, көз шарасының кескіндемесі және т.б.) беруге көше бастады.

Қазіргі уақытта мемлекеттер қатарынан шекарасынан кіргізерде ата-анасымен ел аумағынан шыққан 16 жасқа дейінгі балаларда Қазақстан Республикасы паспорты болуын міндеттейтін елдер көбейгені байқалады (мәселен, Шенген аумағындағы еуропалық мемлекеттер, АҚШ, БАӘ және басқа елдер).

Сондықтан, біздің еліміздің азаматтары басқа елдердің шекарасынан еркін өтуін қамтамасыз ету үшін ІІМ ата-аналарының паспортына 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуреттерін жапсыруды алып тастауды қарастыратын заңға өзгерістер енгізеді. Соған сәйкес, шетелге шығатын балаларға жеке паспорт рәсімдеу қажет болады.

Бұл жаңа өзгеріс 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі