«КЕЛІМСЕК-2018» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

«КЕЛІМСЕК-2018» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

Ішкі істер органдары үшінші елдің азаматтарының заңсыз көші-қонын анықтау және жолын кесу, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың қызметіне тосқауыл қою бойынша өткізіліп жатқан «Келімсек-2018» жедел алдын алу шарасының екінші кезеңін аяқтады.

Шараға бес жарым мың полиция қызметкері, соның ішінде көші-қон, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері тартылды.

767 бірлескен жедел топ құрылды. Бұл топтар операция басталған үш күннің ішінде Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзған 13 414 шетелдікті анықтады. Сот шешімі бойынша 1556 шетелдік елден шығарылды, 1016 адам қабылдап-тарату орындарына жіберілді. Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану тәртібін бұзғаны үшін 520 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 161 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Жамбыл облысы ІІД Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-тармағы бойынша (мемлекеттік шекарадан заңсыз өту) қылмыстық іс қозғалды.

Іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды. Оның 6-уы ТМД елдерінің азаматы.

Сонымен, Атырау облысы ІІД Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнайы взвод пен ҰҚКД қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады.
Еліміз бойынша көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 6471 шетелдіктің уақытша келу мерзімі қысқартылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі